Новости центра на каз

Бесікке салу

Бүгін «Жан-Сая» Дағдарыс Орталығында атам заманнан сақталып келе жатқан қазақы дәстүрлердің бірі – нәрестені бесікке бөлеу рәсімі өткізілді. Бесік баланың тазалығы мен ұйқысының тыныштығын қамтамасыз етеді, сондай-ақ түрлі көз тиюден, бәле-жаладан сақтайды деген ырым да бар. Бүгінгі шараға Орталықта қоныстанған әйел қауымы жиналып, бесікті аластап, жасы үлкен ападан бата алып, бөбегімізді бесікке бөледі. Ал, балақайлар өз кезегінде тыштырма алып, тәттіге бір тойып қалды. Бесікке жатқан балақай бесік жырының әуеніне тербеліп, еш алаңсыз, бейқам ұйқыға кетті.

✨😇✨😇✨





☎️150
📱8 (727) 243 22 21
📱8 771 450 3 450
📧Kcalmaty2017@gmail.com

#ДағдарысОрталығы #КризисныйЦентр #Алматы #Зорлықзомбылыққажолжоқ #Нетнасилию #Орталықтынысы #БудниЦентра
Made on
Tilda