Новости центра на каз

Әлеуметтік қызметкерлер күні

Әлеуметтік қызметкер – жұртшылық арасында аты кең таралмаса да, ісі әрбір адамға пайдасын тигізетін игі мамандықтардың бірі. Олар қиын жағдайда қасыңнан табылатын досың, арқа сүйер демеуің, жол сілтер ұстазың. Жалпы қоғамда осы қызметкерлердің еңбегі елеулі болып табылады. Бүгін «Жан-Сая» Дағдарыс Орталығында әлеуметтік қызметкерлер күні аясында керемет мереке өтті. Концертттік бағдарлама барысында Орталықта қоныстанған әйелдер мен балалар қызметкерлерді мерекелерімен құттықтап, алғыстарын білдіріп, өз өнерлерімен тәнті етті. Сондай-ақ, концерт барысында көрермендермен түрлі қызықты ойындар ойнатылып, қызметкерлер арнайы аталымдар бойынша мараталды.

«Жан-Сая» Дағдарыс Орталығы атынан әлеуметтік салада қызмет ететін барша жандарды төл мерекелерімен құттықтаймыз! Сіздерге қажымас қайрат, талмас қанат тілейміз! Еңбектеріңіз жемісті болсын!


☎️ 150
📱 8 (727) 243 22 21
📱 8 771 450 3 450 (WhatsApp)
📧 Kcalmaty2017@gmail.com

#ДағдарысОрталығы #КризисныйЦентр #Алматы #Әлеуметтікқызметкеркүні #деньсоциальногоработника #ПраздниквКЦ #БудниКЦ #Орталықтынысы
Made on
Tilda