Новости центра на каз

Бүкіл әлемдегі «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-әрекеттің 16 күндігі»

🔸Халықаралық деңгейдегі бұл акция жыл сайын 25 қарашадан 10 желтоқсанға дейін жалғасатын әлем бойынша жұртшылықтың, пікір көшбасшыларының, мемлекеттік органдар мен БАҚ өкілдерінің назарын әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық мәселелеріне аудару бойынша шараларды қамтиды. Аталмыш акцияға 160-қа жуық ел қолдау көрсетіп, әртүрлі форматтағы іс-шаралар мен тұтас науқандарды ұйымдастырады.

🔸Бүгін біз өткен жылдары жүзеге асырылған осындай шаралардың кейбірін атап өтпекпіз. Мәселен, Ресейдің Санкт-Петербург қаласында қабырғалардың «Дауысы» акциясы ұйымдастырылды. Суретшілер қалалық үйлердің қасбеттерін безендіріп, артында зорлық-зомбылық жиі жасырынатын қабырғалар осы мәселе жөнінде баяндай бастады. Тәжікстанда танымал жас блогерлердің қатысуымен онлайн флешмоб өткізілген. Ал Албанияда дағдарыс орталықтары мен әйелдер ұйымдары үшін өзін-өзі қорғау тәсілдерін үйрету бойынша шеберлік сыныптар ұйымдастырылды.

🔸Жыл сайын әлемдегі ең танымал Египеттегі Үлкен Сфинкс және Гиза пирамидалары, Пасха аралындағы Моаи мүсіндері, Кувейт мұнаралары және т.б. сынды ғимараттар зорлық-зомбылықсыз болмыстың белгісі болып табылатын қызғылт сары түспен жарықтандырылады.

☎️ 150
📱 8 (727) 243 22 21
📱 8 771 450 3 450 (WhatsApp)
📧 Kcalmaty2017@gmail.com

#ДағдарысОрталығы #КризисныйЦентр #Алматы #ЗорлықзомбылықсызҚазақстан #Казахстанбезнасилия #Зорлықзомбылықсыз16күн #16днейбезнасилия #Гендерлікзорлықзомбылыққақарсы16күндікбелсенділік #16днейактивныхдействийпротивгендерногонасилия
Made on
Tilda