Новости центра на каз

Дағдарыс Орталығы туралы

Дағдарыс Орталығына түсу алгоритмі ⬇⬇⬇
⠀
📌 Тұрмыстық зорлық-зомбылық жақын арада орын алған жағдайда:
⠀
1. Жәбір көру. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың орын алу фактісі.
⠀
2. Тығырықтан шығар жол іздеу. Көмекке жүгіну келесі жолдармен жүзеге асуы мүмкін:
• 102 арқылы құқық қорғаушы органдарға жүгіну;
• 103 арқылы жедел жәрдемге жүгіну.
⠀
3. Дағдарыс Орталығына келу. Жәбірленуші статусына сәйкестікті тексеру және бағалау парақшасын толтыру. Бағалау парақшасын учаскілік полиция қызметкері және Орталықтың әлеуметтік қызметкері мен психологы толтырып, қол қою арқылы растайды. Онда зорлық-зомбылықтың түрі мен ауырлық деңгейі анықталады.
⠀
4. Орталыққа қабылдау аяқталған соң, жәбірленуші бөлмеге орналастырылып, қажетті тұрмыстық заттармен қамтамасыз етіледі.
⠀
📌Ұзақмерзімді, бірнеше мәрте қайталанған тұрмыстық зорлық-зомбылық кезінде:
⠀
 • Көмекке жүгіну туралы шешім қабылдау.
 • Көмекке өздігінен жүгіну немесе 150 Сенім Телефоны арқылы көмек сұрау. Сенім телефонының психолог мамандары сұхбат жүргізу арқылы зорлық-зомбылық туралы ақпаратты тексеріп, ол расталған жағдайда жәбірленушіні Дағдарыс Орталығына бағыттайды.
 • Әрі қарай іс-әрекеттер легі алғашқы жағдайға сай, 3 қадамнан бастап ілеседі.

⠀
☎️150
📱8 (727)243 22 21
📱8 771 450 34 50 (WhatsApp)
📧kcalmaty2017@gmail.com

#Дағдарысорталығы #кризисныйцентр
 #Алматы #зорлықзомбылықсызүй
 #домбезнасилия #Байсакова #ДОЖанСая #КЦЖанСая #ЖанСаяДағдарысОрталығы #КризисныйЦентрЖанСая
Made on
Tilda