Новости центра на каз

Құжаттармен мәселелердің алдын алу жолдары

Әйелдердің көбісі Дағдарыс Орталығына құжаттарсыз түсіп жатады. Бұл мәселенің көптеген себептері бар. Бірі оларды өзімен алып үлгермесе, енді бірінің құжаттары зақымдалған немесе мүлде жойылған болып шығады. Құжаттарды қалпына келтіру үшін көптеген уақыт, күш және қаражатты шығындауға тура келеді. Сондықтан барлық қажетті және жиі қолданылатын құжаттардың әрқашан қол астында болуын алдын ала қамтамасыз еткен жөн.

Біз құжаттарды сақтаудың екі нұсқасын ұсынамыз:

▪ Алдыңғы ұрпақтан бері келе жатқан, ескі тәсіл - құжаттарды жеке портфельде сақтау. Бұл портфельді үйден шұғыл шығу қажет болған жағдайда әрқашан өзіңізбен бірге ала салу оңай. Портфельде маңызды құжаттар қажетсіз қағаздармен араласып, кітап сөрелерінде жоғалып кетпейді. Кез келген жағдайда сізге қажетті құжаттардың портфельде бар екенін нақты білетін боласыз.

▪ Құжаттарды портфельде сақтаудың ыңғайлығына қарамастан, қосымша сақтана отырып, оларды сканерлеп, электронды нұсқасын дайындап алған жөн. Сканерленген құжаттарды электрондық пошта арқылы жіберіп, сақтау қажет. Бұл жағдайда сіздің құжаттарыңыз әрқашан қол астында боларына сенімді бола аласыз. Олар сізге кез келген жерде және кез келген уақытта қолжетімді болып қала береді.

☎️150
📱+7 708 106 08 10 (WhatsApp)
📱+7(727)243 22 21
📧kcalmaty2017@gmail.com

#Дағдарысорталығы #кризисныйцентр
 #Алматы #зорлықзомбылықсызүй
 #домбезнасилия #Байсакова
 #ДОЖанСая #КЦЖанСая #ЖанСаяДағдарысОрталығы #КризисныйЦентрЖанСая
 #нетбытовомунасилию #пайдалыақпарат #полезнаяинформация
Made on
Tilda