Алдыңғы күндердің бірінде «Жан-Сая» Дағдарыс Орталығында жас суретшілер отбасы қонақтап, пейзажды бейнелеу бойынша шеберлік сабағын өткізді. Сабаққа қатысушылар қарапайым қарындаш пен гуашь бояуларын пайдалана отырып, үлгі бойынша сурет салуды үйренді. Ұстаздарының арқасында әйелдер мен балалар нағыз суретшілерге айналып, олардың шығармашылығы баршаға керемет әсер етті. Бейнелеу өнері сабағына жаңашыл өнерпаздардың да көңілі толды. Олар өздерінен мұндай нәтижені күтпеген еді. Дағдарыс Орталығы Евгения мен оның жұбайына уақыттарын бөліп, сурет салу дағдыларын меңгеруге көмектескендері үшін және қызмет алушылар жүзіндегі қуаныш үшін шынайы алғысын білдіреді! ⠀ ✨🎨✨🎨✨