Новости центра на каз

Орталықпен танысу

Алдыңғы күндердің бірінде Орталыққа ІІМ Академиясының тыңдаушылары мен ҚР қалалары мен аудандарының Полиция Басқармасының басшылары «Жан-Сая» Дағдарыс Орталығының қызметімен танысу мақсатында іс-сапармен жолыққан болатын. Орталық әкімшілігі кішігірім экскурсия мен семинар өткізді, оның барысында қонақтар қызмет алушылардың өмір сүру жағдайымен, Дағдарыс Орталығының жұмыс істеу принциптері және алгоритмдерімен танысқан болатын. Ары қарай құқық қорғау органдарының өкілдері бүлдіршіндерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Олар жылы лебіздерін білдіре отырып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған және оқуын жалғыстыратын әр оқушыға мектепке қажетті барлық кеңсе тауарларын қамтитын рюкзактарды табыс етті. Оқушылар мен Дағдарыс Орталығы атынан ІІМ Академиясының тыңдаушылары мен Полиция Басқармаларының бастықтарына ізгі ниеттері мен мектеп дайындығына атсалысқандары үшін алғысымызды білдіреміз!

✨👮‍♀️👮✨👮‍♀️👮✨




☎️150
📱8 (727) 243 22 21
📱8 771 450 3 450
📧Kcalmaty2017@gmail.com

#ДағдарысОрталығы #КризисныйЦентр #Алматы #Зорлықзомбылыққажолжоқ #Нетнасилию #Орталықтынысы #БудниЦентра #алғысбілдіру #благодарность
Made on
Tilda