Новости центра на каз

"МЕН ӨЗІМЕ СЕНЕМІН!"

Бүгін “Мен өзіме сенемін!” балалар құқықтары туралы кітаптің тұсаукесері өтті. !Дағдарыс орталықтары одағының" директоры З. Байсакова және Қоғамдық кеңес мүшесі, жазушы Б.Кисиковтың қатысуымен өткен іс-шара өзекті тақырыпты қозғап, балалардың қауіпсіздігі сөз етілді.
Ашық микрофон форматындағы презентация балалар мен жасөспірімдер арасындағы буллинг мәселесі біздің қоғамда өзекті болып тұрғанының дәлелі болды. Өйткені, оған қатысқандар адамдардың көбі өз оқиғасын айтып өтті. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы буллингтің салдары өкінішті болуы мүмкін.
Буллинг немесе зорлық-зомбылықты бастан кешірген балалардың шынайы оқиғалары туралы кітап комикс форматында басып шығарылған. Кітап суретшісі Нурия да бұл жұмыстың өзіне өте жақындығын айтты. “Мен бұл оқиғаларды жақсы түсінемін. Өзім мектепте буллингтің құрбаны болдым. Ол кезде не кінәм барын білмейтінмін. Бұл кітап барлығына пайдалы болатынана сенемін”- дейді Нурия.
Кітап соңында сізді еститін ересектердің нұсқаулары мен олармен байланыс жолын көрсетілген.
Бұл мәселеге бей-жай қарамай кітаптың шығуына қолдау көрсеткен ұйымдарға, атап айтқанда Меломан-Marwin кітап дүкеніне, Еріктілер лигасына алғыс білдіреміз.
Made on
Tilda