Новости центра на каз

Наурыз Думан!

Бүгін Дағдарыс Орталығында ұлан ғасыр той – Наурыз өтті. Қызметкерлер көктемді қарсы алу туралы көрініс қойып, «Келін түсу» ырымын көрсетті. Сондай-ақ Орталықта Алматы қаласының Білім басқармасына қарасты ЮНЕСКО клубының №6 оқушылар үйінің шәкірттері мен «Жұлдыз-ай» би ансамблінің өнерпаздары қонақтап, көрермендерді әдемі де көңілді музыкалық нөмірлерімен тәнті етті. Көрермендер концерттік бағдарламаны тамашалап жатқанда, аулада дәмді палау әзірленді. Тағамға қажетті азық-түлік пен процестің өзін Дағдарыс Орталығының достары ұйымдастырған болатын. Осы тамаша күнді бізбен бірге өткізген әрбір жанға шын жүректен алғыс білдіреміз. Мерекені ұйымдастыруға көмектесіп, қолдау көрсеткеніңіз үшін рақмет!

✨🌷✨🌷✨











☎️150
📱8 (727) 243 22 21
📱8 771 450 3 450
📧Kcalmaty2017@gmail.com

#ДағдарысОрталығы #КризисныйЦентр #Алматы #Зорлықзомбылыққажолжоқ #Нетнасилию #Орталықтынысы #БудниЦентра #алғысбілдіру #благодарность #Наурыз #nauryz
Made on
Tilda