Новости центра на каз

MARWIN-ге алғыс білдіру

🔸Бүгінгі таңда әрбір ірі компания үшін қайырымдылық пен жақсылық жасап, қоғам үшін үлес қоса білу өте маңызды. Бұл корпоративті әлеуметтік жауапкершіліктің көрсеткіші. Әлбетте, біз үшін де сырттан келген көмек пен қолдаудың маңызы кем емес.

MARWIN бүкіл отбасына арналған Қазақстандағы ең ірі дүкендер желісі де бұл шарадан тыс қалмауда. Олар «КҮН БАЛА» Даун синдромымен туылған балалар мен жасөспірімдерге көмек көрсету» Қоғамдық Қоры, «АЯЛА» Қайырымдылық Қоры, №1 Балалар үйі сынды ұйымдармен серіктестік орнатып, олардың тәрбиеленушілеріне көмек көрсетуде. Компания MARWIN шығармашылық кеңістігіндегі сабақтарға қатысу арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларға қоғаммен бір деңгейде қалуға мүмкіндік береді.

Бұл ретте қайырымдылық ісінің кезегі «Жан-Сая» Дағдарыс Орталығына да жетті. Дүкендер желісі Орталықтың кіші тұрғындарына әртүрлі жастағы балаларға арналған тауарларды тарту етті. Олардың арасынан қажеттінің бәрін табуға болады: түрлі кітаптар, үстел үсті және дамытушы ойындар, конструкторлар, жұмсақ және ән салатын ойыншықтар, сылдырмақ пен тіпті, жөргектер де бар.

@marwinfamilyshop ұжымы мен басшылығына көрсеткен қайырымдылық көмегі, мейірімділігі мен жомарттығы үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Сіздерге сәттілік пен еңбектеріңіздің жемісті болуын тілейміз!







☎️150
📱8 (727) 243 22 21
📱8 771 450 3 450
📧Kcalmaty2017@gmail.com

#ДағдарысОрталығы #КризисныйЦентр #Алматы #Зорлықзомбылыққажолжоқ #Нетнасилию #Алғысбілдіру #Благодарность #Мирдолжензнать #Одобрыхделах
Made on
Tilda